Panasonic TXPR50VT50 Betriebsanleitung Seite 5

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 108
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 4
Қауіпсіздік шаралары
5
Радиотолқындар
Теледидарды, 3D көзілдірігін жəне VIERA сенсорлық тақта контроллерін ешбір медициналық мекемелерде
немесе медициналық жабдық бар орындарда пайдалануға болмайды. Теледидардан, 3D көзілдірігінен жəне
VIERA сенсорлық тақта контроллерінен шығатын радио толқындар медициналық жабдыққа кедергі келтіріп,
дұрыс жұмыс істемеуге байланысты сəтсіз оқиғаларды тудыруы мүмкін.
Теледидарды, 3D көзілдірігін жəне VIERA сенсорлық тақта контроллерін ешбір автоматты басқарылатын жабдық
жанында пайдаланбаңыз, мысалы, автоматты есіктер немесе өрт дабылдары жанында. Теледидардан, 3D
көзілдірігінен жəне VIERA сенсорлық тақта контроллерінен шығатын радио толқындар автоматты басқарылатын
жабдыққа кедергі келтіріп, дұрыс жұмыс істемеуге байланысты сəтсіз оқиғаларды тудыруы мүмкін.
Кардиостимулятор бар болған жағдайда қашықтықты ендірілген сымсыз жергілікті желі бөлімінен, 3D
көзілдірігінен жəне VIERA сенсорлық тақта контроллерінен кемінде 22 см етіп ұстаңыз. Радио толқындар
жүрек ынталандырғыш жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Ендірілген сымсыз жергілікті желі бөлімін, 3D көзілдірігін жəне VIERA сенсорлық тақта контроллерін ешбір
жолмен бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
Сақтаныңыз
Теледидарды тазалағанда, шнурдың
ашасын алып тастаңыз
Қуат алған теледидарды тазалаудан ток соғуы мүмкін.
Теледидарды ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болғанда, шнурдың
ашасын алып тастаңыз
Желілік штепсель розеткаға қосылып тұрғандықтан,
теледидар өшірулі тұрғанның өзінде аздап электр
қуатын пайдаланады.
Тек тік күйінде тасымалдаңыз
Теледидарды дисплей панелін жоғары немесе төмен қаратып
тасымалдаған кезде ішкі құрылысына зақым келуі мүмкін.
Сəулелі қызу үшін теледидардың
айналасынан жеткілікті орын қалдырыңыз
Ең аз арақашықтық
Негізін пайдаланған
кезде, теледидардың
түбі мен теледидар
орнатылатын беттің
арасынан орын
қалдырыңыз.
Қабырғаға ілетін
кронштейнді пайдаланған
кезде оның нұсқаулығын
қарап шығыңыз.
10
10
10
7
(см)
Артқы ауа кіретін тесіктерді жауып қоймаңыз
Ауа кіретін тесіктерді газетпен, үстел жапқышпен,
пердемен, т.б. жауып қою қызып кетуге, өрттің
шығуына немесе ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Дауысын құлақаспаптан қатты
шығарып тыңдамаңыз
Қатты зақым келтіруі мүмкін.
Дисплей панеліне қатты күш немесе
соққы қолданбаңыз
Бұл жарақатқа əкелетін зақым келтіруі мүмкін.
Теледидар ауыр жабдық болып табылады.
Теледидарды екеулеп көтеріңіз.
Жарақаттануды немесе құлауды болдырмау
үшін көрсетілген күйінде ұстаңыз.
Кірістірілген сымсыз жергілікті желі
Кірістірілген сымсыз жергілікті желіні пайдалану үшін қатынас нүктесін алу қажет.
Пайдалану құқықтарыңыз жоқ қандай да бір кірістірілген сымсыз жергілікті желіге (SSID
) қосылу үшін
кірістірілген сымсыз жергілікті желіні пайдалануға болмайды. Мұндай желілер іздеулер нəтиждесі ретінде тізімі
берілуі мүмкін. Алайда оларды пайдалану заңсыз кіру ретінде қарастырылуы мүмкін.
SSID беру үшін пайдаланылатын белгілі бір сымсыз желіні анықтауға арналған атау болып табылады.
Кірістірілген сымсыз жерлігікті желіні жоғары температуралар, тікелей күн сəулесі немесе ылғал əсеріне қалдыруға болмайды.
Радиотолқындар арқылы жіберілген жəне деректер бөгелуі жəне бақылануы мүмкін.
Кірістірілген сымсыз жергілікті желі 2,4 ГГц жəне 5 ГГц жиілік диапазонын жұмсайды. Радиотолқын кедергісінен пайда болатын ақаулықтарды
болдырмау үшін, басқа кірістірілген жергілікті желіні пайдаланған кезде, теледидарды басқа сымсыз жергілікті желі құрылғыларынан,
микротолқынды пештерден, ұялы телефондардан жəне 2,4 ГГц жəне 5 ГГц сигналдарын пайдаланатын құрылғылардан алыс ұстаңыз.
Статикалық электр тогына байланысты шу орын алған кезде т.б. теледидар құрылғыны қорғау үшін жұмысын
тоқтатуы керек. Желілік қуатты қосу / өшіру қосқышы арқылы теледидарды өшіріңіз, сонан соң оны қайтадан қосыңыз.
Сымсыз кірістірілген жергілікті желі жəне қатынас нүктесі туралы қосымша мəліметтер келесі веб-сайтта болуы мүмкін. (Тек ағылшын тілінде)
http://panasonic.jp/support/global/cs/tv/
Bluetooth
®
сымсыз технологиясы
Теледидарда, 3D көзілдірігінде жəне VIERA сенсорлық тақта контроллерінде 2,4 ГГц радио жиілігінің ISM
диапазоны (Bluetooth
®
) пайдаланылады. Радиотолқын кедергісінен пайда болатын ақаулықтарды болдырмау
үшін теледидарды, 3D көзілдірігін жəне VIERA сенсорлық тақта контроллерін басқа сымсыз жергілікті
желіні пайдаланатын құрылғылардан, басқа Bluetooth құрылғылардан, микротолқынды пештерден, ұялы
телефондардан жəне 2,4 ГГц сигналын пайдаланатын құрылғылардан алыс ұстаңыз.
Seitenansicht 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 107 108

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare