
3D суреттерін көру
28
3D суреттерін көру
3D көзілдірігін тағу арқылы 3D əсеріне сəйкес мазмұндары немесе бағдарламалары бар 3D суреттерін көруге
болады. “Қосымша керек жарақтар” (6-бет)
Бұл теледидар [Покадровый]
∗
1
, [Гориз.совмещенный]
∗
2
жəне [Вертик.совмещенный]
∗
3
3D пішімдерін қолдайды.
∗
1 : Сол жəне оң көздер үшін суреттер жоғары сапалы анықтықпен жазылатын жəне кезекпен ойнатылатын 3D
пішімі
∗
2,
∗
3 : Басқа қол жетімді 3D пішімдері
•
3D суреттерін көру ( 29-бет)
Сақтаныңыз
3D суреттерінің қауіпсіздігінің жəне ыңғайлылығының тамаша əсерін алу үшін мына нұсқауларды
толығымен оқыңыз.
3D мазмұнын көру
•
Жарыққа қарсы аса сезімтал болсаңыз, жүрегіңіз
ауырса немесе басқа да сырқаттарыңыз болса, 3D
көзілдірігін қолданбаңыз.
•
Егер шаршап тұрсаңыз, өзіңізді жақсы сезінбесеңіз
немесе басқа қолайсыз сезінулер болса, 3D
көзілдірігін қолдануды дереу тоқтатыңыз.
•
Əсерді [Регулировка 3D] арқылы орнатқанда, 3D
суреттерінің көрінуі əр түрлі кісілер үшін өзгеше
болатынын ескеріңіз.
•
3D киносын көргеннен кейін тиісті үзіліс алыңыз.
•
3D ойындары немесе компьютерлері сияқты
интерактивті құрылғылардан 3D мазмұнын
көргеннен кейін 30 - 60 минут аралығында үзіліс
жасаңыз.
•
Теледидардың экранын басқа адамдардың
кездейсоқ басуына мұқият болыңыз. 3D көзілдірігін
қолданған кезде, пайдаланушы жəне экранның
арасындағы қашықтық дұрыс бағаланбауы мүмкін.
•
3D көзілдірігін 3D мазмұнын көрген кезде ғана
тағыңыз.
•
3D суреттерін көру барысында теледидар
экранынан қарамасаңыз, 3D көзілдірігі автоматты
түрде өшірілуі мүмкін.
•
Егер көз ауруларына душар болсаңыз (жақыннан
/ алыстан көргіш, астигматизм, сол жəне оң жақ
көзде айырмашылығы), 3D көзілдірігін қолданудан
бұрын көзіңізді емдеткеніңіз жөн.
•
3D мазмұнын көрген кезде қосарланған суреттерді
таза көрсеңіз, 3D көзілдірігін қолдануды
тоқтатыңыз.
•
3D көзілдірігін ұсынылған қашықтықтан аз
қашықтықта қолданбаңыз.
Көру қашықтығы сурет биіктігінен кемінде 3 есе
артық болуы тиіс.
TX-PR42ST30 : 1.6 м немесе одан көп
TX-PR50ST30 : 1.9 м немесе одан көп
Экранның жоғарғы жəне төменгі бөлігі қарайған
кезде, мысалы кино көргенде, экранға дейінгі
қашықтық нақты суреттің биіктігінен кемінде 3 есе
артық болуы тиіс. (Қашықтық жоғарыдағы суретте
ұсынылғаннан жақынырақ болады.)
3D көзілдірігін қолдану
•
3D көзілдірігін балалар қолданған кезде мұқият
бақылаңыз.
3D көзілдірігін жасы 5 - 6 жастан төмен
балалар пайдаланбағаны жөн. 3D көзілдірігін
пайдаланғанда барлық балалардың қауіпсіздігін
жəне денсаулығын қамтамасыз ету үшін оларды
ата-аналары немесе қамқоршылары толық
қадағалауы тиіс.
•
3D көзілдірігін қолданудан бұрын, байқаусыз
зақымдану немесе жарақаттануды болдырмау үшін
пайдаланушының айналасында сынған заттар жоқ
екенін тексеріңіз.
•
Құлап қалуды немесе жарақаттануды болдырмау
үшін қозғалудан бұрын 3D көзілдірігін шешіңіз.
•
Пайдаланбаған кезде 3D көзілдірігін əрқашан
берілген қорабында сақтаңыз.
•
3D көзілдірігін тек белгілі бір мақсатта ғана
қолданыңыз.
•
3D көзілдірігін жоғары температуралы шарттарда
қолданбаңыз.
•
Егер 3D көзілдірігі физикалық түрде зақымданған
болса, қолданбаңыз.
•
Инфрақызыл сигналдар шығаратын құрылғыларды
3D көзілдірігінің қасында қолданбаңыз, ол 3D
көзілдірігінің дұрыс жұмыс істемеуіне себеп
болады.
•
3D көзілдірігінің қасында қатты элетромагниттік
толқындар шығаратын құрылғыларды (мысалы,
ұялы телефон немесе жеке радиотаратқыш)
қолданбаңыз, 3D көзілдірігінің жарамсыздығына
себеп болуы мүмкін.
•
Инфрақызыл қабылдағыш бөлігіне күн жарығы
жəне флуоресценттік жарық сияқты қатты жарық
түсірмеңіз. 3D суреті дұрыс көрінбеуі мүмкін.
•
Егер жарамсыздық немесе ақау пайда болса, 3D
көзілдірігін қолдануды дереу тоқтатыңыз.
•
Егер қызылдық, ауыру немесе мұрын не самай
маңында тері тітіркенуі болса, 3D көзілдірігін
қолдануды дереу тоқтатыңыз.
•
Кей жағдайларда, 3D көзілдірігіне қолданылған
материалдар аллергиялық əсер беруі мүмкін.
Kommentare zu diesen Handbüchern